Назар аударыңыз: вакансияға байқау 30 сәуірге дейін ашық!
Сәлем! Менің есімім Мерхат. Менің жолым кішкентай шеберханадан басталды. Сол жерде шеберлер әр бұйымды жүрекпен, махаббатпен қолдан жасап шығаратын. Бүгінде Merhat Jewelry - бұл дәстүр мен заманауилықты ұштастыратын, адамдарды бірегей болуға шабыттандыратын, тамырын мақтанышпен есте сақтауға үндеу жасайтын бренд.
Кімді іздейміз және не үшін?
Қазір біз мықты сату бөлімін құрып жатырмыз. Сату менеджерінен бастап, тим-лидерге дейін, тіпті бір тұтас бағыттың жетекшісіне айналуға жол ашық! Біз тек жұмыс істеп қана қоймай, кештер ұйымдастырамыз, тәжірибе бөлісеміз, бір-бірімізге шабыт сыйлаймыз және үлкен табысқа бірге жетеміз!
Біздің миссиямыз – қазақ мәдениетінің сән-салтанатын әр адамға қолжетімді ету.
Құндылықтарымыз – жетістікке ұмтылу, экологиялық көзқарас және дәстүрлерге деген құрмет.
Біз үшін маңызды жеке қасиеттер:
- Ұқыптылық;
- Сыртқы келбетке мән беру;
- Эмпатия;
- Тәртіптілік;
- Білімге құштарлық;
- Ақшаға деген құлшыныс;
- Өзіне және өнімге деген сенім.
Біліктілік талаптары:
- Сату алгоритмдері мен техникаларын білу;
- АМО CRM жүйесінде жұмыс істеу тәжірибесі (тапсырмалар, мәмілелер, сату воронкасы);
- Айына кемінде 15 млн ₸ жеке сатылым (B2C).
Неліктен біз?
- Нарықтан жоғары жалақы (тұрақты жалақы + KPI 10%-ға дейін);
- Бонус жүйесі. Сіз әр жолы ТОП-3 қатарына кірген кезде, ішінде жүлделер (1000 ₸-ден 100 $-ға дейін) бар лототронды айналдырасыз. Ең үздік қызметкер «Айдың үздік сатушысы» кубогын және қосымша 100 $ алады;
- Мансап. Тим-лидер болудан бастап РОП-қа дейін, әрі қарай коммерциялық директор болуға мүмкіндік бар;
- Білім. Михаил Гребенюк, Михаил Дашкиев, Марғұлан Сейсембаев секілді мықты мамандардан оқыту;
- Команда. Көзінде оты бар, әлемді өзгерткісі келетін команда;
- Жайлы кеңсе. БЦ «Success»-те орналасқан. Жұмыс уақыты: 5\2, 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Егер осы вакансияны соңына дейін оқып, өзіңді біздің командамызда елестете алсаң - өтінішіңде міндетті түрде:
«Мен MERHAT-та жұмыс істегім келеді » деп жаз.
Задайте вопрос работодателю
Он получит его с откликом на вакансию
Где предстоит работать
Алматы, улица Жандосова, 1/1
Вакансия опубликована 16 апреля 2025 в Алматы